Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Намысқа тырыстым": Азия чемпионы атанған Мөлдір Жаңбырбай сұқбат берді

Опубликовано:

Каратэші
Фото: Olympic.kz

Каратэден Алматыда өткен Азия біріншілігінде қазақстандық Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Олимпиада мен әлем чемпионатыда сәтсіздікке ұшыраған спортшы құрлық додасында ешкімге есе жіберген жоқ, деп жазады Olympic.kz. 

"Өз жерімізде өткен Азия чемпионатында алтын алу үшін бар күшімді салдым. Бұл Азиядағы алғашқы алтыным, соңғысы емес деп үміттенемін. Әлем біріншілігі мен Олимпиададағы қателігімді қайталамауға тырыстым. Оның үстіне, бізге қарап қаншама жастар бой түзейді. Солар үшін де намысқа тырыстым.

Финалда кездескен каратэшіден Португалиядағы турнирде жеңілген едім. Осы жолы есе қайтарудың реті келді. Бапкерлерім мен жанкүйерлердің үмітін ақтап, өз жерімізде көк байрағымызды көтергенім үшін қуаныштымын", - дейді Мөлдір. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1948195-namysqa-tyrystym-aziya-cempiony-atangan-moldir-zanbyrbai-suqbat-berdi/

pixel