RU

"Күреске тоймай кетіп барамын": Белгілі балуан спорттағы мансабын аяқтады

Балуан
Фото: Olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының капитаны Дәулет Ниязбеков спорттағы мансабын аяқтады, деп хабарлайды Olimpic.kz.

Бұл ақпаратты Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев растаған.

Осы ретте, Olympic.kz Дәулет Ниязбековке хабарласып, мәліметтің анық-қанығын сұраған.

"Токио олимпиадасында алған жарақатым оңай соқпады. Еш ренішім жоқ. Шабатын жерге дейін шаптым. Күреске ықыласымды оятқан, жолымды ашқан, бар білігін үйреткен жаттықтырушыларыма алғыс айтқым келеді.

Иә, күреске тоймай кетіп барамын. "Олимпиада жүлдесін алсам" деген арманым орындалмады. (...). Осы дәрежеге жеткенім үшін де Аллаға шүкір", – дейді ол.

Айта кетейік, Дәулет Ниязбеков 2012 жылы Лондон және биыл өткен Токио Олимпиадасында өнер көрсетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1948453-kureske-toimai-ketip-baramyn-belgili-baluan-sporttagy-mansabyn-ayaqtady/