Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Садриддин Ахмедов неліктен ұзақ уақыт бойы шаршы алаңға шықпады

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Instagram/sadriddin_soq

Кәсіпқой бокста биік белестерді бағындырып жүрген Садриддин Ахмедовтың неліктен ұзақ уақыт бойы шаршы алаңға шықпағаны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Journal de Montreal мәліметінше, қазіргі уақытта Садриддин Ахмедов Қазақстанда өзінің жеке жұмыстарымен жүр. Оның тәлімгері Марк Рэмси 2022 жылдың басында боксшының Канадаға оралуын күтетінін жеткізген.

Осы орайда Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясы Садриддин Ахмедовтың қатысуымен "маңызды жекпе-жектерді" ұйымдастыруды жоспарлап отырғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов өзінің соңғы жекпе-жегін осы жылдың басында Мексикада өткізген еді. Ол кездесуде отандасымыз голландиялық боксшыны төрешілердің шемімімен ұтты.

Осылайша, былғары қолғап шебері бірінші орта салмақтағы NABF, WBC Francophone және WBA Continental титулдарын жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1948718-sadriddin-axmedov-nelikten-uzaq-uaqyt-boiy-sarsy-alanga-syqpady/

pixel