Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны жеңе аламын": Бұрынғы әлем чемпионы Головкинмен жекпе-жек өткізуге ниетті

Опубликовано:

Гена11
Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/gggboxing

WBA нұсқасы бойынша әлемнің "уақытша" чемпионы болған британиялық кіші Крис Юбэнк IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуге ниетті екенін жеткізді. Бұл туралы ол эфир кезінде айтты, деп жазады Prosports.kz.

"Біз Головкинмен бірнеше жыл бұрын жекпе-жек өткізуге жақын болдық, бірақ бәрі соңғы сәтте сәтсіздікке ұшырады. Осы үшін әлі күнге дейін өкінемін. Лиам Уильямсты жеңсем, рейтингтегі орнымды жақсартып, 2022 жылы Геннадий Головкинмен кездесуге мүмкіндік алар едім. Оны жеңе алатынымды білемін", - дейді Крис Юбэнк.

Айта кетейік, Юбэнк 29 қаңтарда Кардифф қаласында (Уэльс, Ұлыбритания) отандасы Лиам Уильямспен қолғап түйістіреді.

Ал GGG мен Юбэнк 2016 жылы жекпе-жек өткізу туралы келіссөз жүргізген еді, бірақ кейін Головкин Келл Брукпен кездесу өткізді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1948797-ony-zene-alamyn-buryngy-alem-cempiony-golovkinmen-zekpe-zek-otkizuge-nietti/

pixel