Әлемдік рейтинг бойынша қазақ боксшыларының арасында кім үздік

Опубликовано:

бокс-мокс11
Көрнекі фото: pixabay.com

Boxrec.com биылғы жылдағы үздік қазақстандық боксшылардың (салмақ дәрежесіне қарамастан) тізімін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Биыл бірде-бір жекпе-жек өткізбегендіктен әйгілі отандасымыз Геннадий Головкин бұл тізімнен шығарылған.

Рейтингте Жәнібек Әлімханұлы көш бастады. Екінші орында Қанат Ислам, ал үздік үштікті Руслан Мәдиев қортындылап отыр.

Жақында ғана мексикалық боксшыны жеңген Батыр Жүкембаев төртінші орынға тұрақтады.

2021 жылдың қорытындысы бойынша рейтингтегі үздік он боксшы: 

  • 1. Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) - 31.15
  • 2. Қанат Ислам (28-0, 22 КО) - 17,99
  • 3. Руслан Мәдиев (14-2, 5 КО) – 17.32
  • 4. Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) - 17.12.
  • 5. Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) - 16.32
  • 6. Әли Ахмедов (18-1, 14 КО) - 10.31.
  • 7. Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО) - 7,438
  • 8. Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) -7.066
  • 9. Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) – 6,132
  • 10. Талғат Шайкен (7-0, 4 КО) - 5,284.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1948799-alemdik-reiting-boiynsa-qazaq-bokssylarynyn-arasynda-kim-uzdik/