Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"МЮ", "Арсенал" сапында жасындай жарқылдаған футболшы "Қайратқа" қосылуы мүмкін (фото)

Опубликовано:

Алматылық клуб
Фото: vk.com/fckairat

"Рома" сапында өнер көрсетіп жүрген 32 жастағы Генрик Мхитарян келесі жылы алматылық "Қайрат" ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Қазіргі уақытта Мхитарянның "Ромамен" 2022 жылдың жазына дейін келісімшарты бар. Италиялық клуб ойыншыға әлі жаңа келісімшарт ұсынған жоқ.

Ал басылым тілшісі "келесі маусымда Мхитарян "Қайрат" сапында өнер көрсетуі ықтимал" деген пікірде.

Бұған дейін Генрих Мхитарян "Шахтер", "Боруссия", "Манчестер Юнайтед" және лондондық "Арсенал" сияқты еуропалық клубтарда доп тепкен.

Жалпы армян ойыншысы мансабында 537 матч өткізіп, 165 гол соққан. Одан бөлек, футболшы 131 голдық пас берген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін алматылық "Қайрат" сапында Андрей Аршавин, Анатолий Тимощук, сондай-ақ бразилиялық экс-шабуылшы Вагнер Лав сияқты жұлдыздар өнер көрсеткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1948907-myu-arsenal-sapynda-zasyndai-zarqyldagan-futbolsy-qairatqa-qosyluy-mumkin-foto/

pixel