Әлемдік рейтинг: Екі қазақстандық дзюдошы үздік ондыққа енді

Опубликовано:

Елдос Сметов
Елдос Сметов. Фото: olympic.kz

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жылдың қорытынды рейтингін жариялады. Үздік ондыққа енгендер қатарында қазақстандық спортшылар да бар, деп хабарлайды Olympic.kz.

Басылымның мәліметінше, 60 келіге дейінгі салмақта Ғұсман Қырғызбаев пен Елдос Сметов алғашқы ондыққа енді. Олар тиісінше 9 және 10-шы орындарды иеленген. 

66 келідегі Елдос Жұмаханов 19-шы, Ерлан Серікжанов 22-ші сатыда. 

73 келідегі Жансай Смағұлов әлемдік рейтингте 8-ші орында тұр. 

81 келідегі Дидар Хамза 32-ші сатыға тұрақтаса, 90 келіге дейінгі салмақта Ислам Бозбаев 18-ші орынға табан тіреген. 

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін Ерасыл Қажыбаев 33-ші орыннан көрінді.

Айта кетейік, келесі маусымда Сметов пе Қырғызбаев 66 келіге, Серікжанов 73 келіге ауысады. 

Ал Елдос Жұмаханов спорттағы мансабын аяқтады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1948983-alemdik-reiting-eki-qazaqstandyq-dzyudosy-uzdik-ondyqqa-endi/

jitsu gif