Головкин - Мурата жекпе-жегіне байланысты тағы да қиындықтар туындады

Опубликовано:

Головкин - Мурата
Головкин - Мурата. Фото: allboxing.ru

Youtube-тағы америкалық Box-or-Die арнасы егер Жапония үкіметі алдағы айларда шетелдіктер үшін шекараны ашпаса, Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен Риота Мурата (16-2, 13 КО) жекпе-жегінің басқа елге ауысу мүмкіндігіне байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Қазақпарат.

"Головкин - Мурата жекпе-жегі коронавирустық пандемияға байланысты жапон үкіметінің шешімімен көктемге шегерілді. Пандемия тағы бір жылға созылса ше? Әрине, Головкин мен Мурата АҚШ-та жұдырықтасуы мүмкін еді, бірақ штаттарда бұл жекпе-жек Жапониядағыдай ауқымды болмайды.

Идеяның мәні Жапонияда жекпе-жекті ұйымдастыру болып табылады. Мурата жанкүйерлерінің фанаттары өте көп, сондықтан мол кіріс табуға болады. Сондай-ақ айқасты көршілес Азия елдерінің біріне ауыстыруға да болар еді", – деп хабарлайды Sports.kz.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1949002-golovkin-murata-zekpe-zegine-bailanysty-tagy-da-qiyndyqtar-tuyndady/

jitsu gif