Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бибісара Асаубаева рапидтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Опубликовано:

Бибісара Асаубаева
Фото: prosports.kz

Бибісара Асаубаева Польша астанасы Варшавада өткен жылдам шахматтан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан шахмат федерациясына сілтеме жасап.

28 желтоқсанда Польша астанасы Варшавада жылдам (рапид) шахматтан әлем чемпионаты аяқталды. Оның нәтижесінде 17 жастағы қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2-орынды иеленіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Шешуші партияда Бибісара тәжірибелі грузин шахматшысы, гроссмейтер Нана Дзагнидзені, отандасымыз Әсел Серікбайды ұтып, чемпионаттың жеңімпазы, халықаралық гроссмейстер Александра Костенюкпен тең түсті.

Биыл Асаубаева әйелдер арасында Азия онлайн-чемпионатында жеңіске жетіп, Қазақстан құрамасының сапында бүкіләлемдік шахматтан онлайн олимпиадада үздік сегіз команданың қатарына енді. Сондай-ақ ол көптеген халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға ие болды.

Қазақстан шахмат федерациясы Бибісара Асаубаеваны жоғары деңгейдегі жетістігімен және жақсы нәтиже көрсеткенімен құттықтады.

Ал отандасымыз қызылордалық Әсел Серікбай әлемнің үздік шахматшы қыздары Катерина Лагоно, Александра Костенюкпен қатар ойнап, көшбасшы топта соңына дейін бар өнерін салды. Нәтижесінде бесінші орынға тұрақтады.

Айта кетейік, бүгін блиц-шахмат бойынша чемпионат басталды, жарыс 30 желтоқсанда аяқталмақ. Оған Қазақстаннан 7 шахматшы қатысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1949062-bibisara-asaubaeva-zyldam-saxmat-boiynsa-alem-cempionatynyn-kumis-zuldegeri-atandy/

pixel