RU

Дамир Исмағұлов UFC-дегі келесі қарсыласына қатысты мәлімдеме жасады

Дамир Исмагулов
Фото: Prosports.kz

Ресейлік UFC файтері Дамир Исмағұлов келесі қарсыласы туралы жаңалыққа пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Келесі жекпе-жегіме қатысты жағдайды түсіндіргім келеді. Ғаламторда, әлеуметтік желілерде бұл туралы ақпарат қаптап жүр. Келесі қарсыласым Насрат Хакпараст жайлы айтатын болсақ: Иә, біз онымен жекпе-жек өткізуге дайын екенімізді мәлімдеген едік.

Бірақ шешімді UFC мен қарсыластың өзі қабылдайды. Ешқандай нақты ақпарат жоқ. Біз хабар күтіп жүрміз. Егер расталса, кездесу болады.

Нақтырақ айтсақ, ештеңеге қол қойылмады, ештеңе бекітілмеді", - деді Исмағұлов Instagram желісінде.

Айта кетейік, осыған дейін Mathroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің өтетін орны мен уақытын атаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1949295-damir-ismagulov-ufc-degi-kelesi-qarsylasyna-qatysty-malimdeme-zasady/