Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық боксшы Қанат Исламның кезекті жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

Қанат Ислам
Фото: Instagram/islamkanatqazaq

21 қаңтарда АҚШ-тың Флорида штаты Плант-Сити қаласында орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (28-0, 22 КО) кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол Probox Promotions ұйымдастырған бокс кешінде британиялық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) кездеседі. Кеш It’s Time to Fight "Время драться" деген атаумен өтеді.

Рингсайдтағы шоуға бокс ардагерлері кіші Рой Джонс, Антонио Тарвер және Поли Малиньяджи түсініктеме береді деп күтілуде.

Айта кетсек, Қанат Ислам бұған дейін 20 ақпан күні Майамиде жекпе-жек өткізіп, жетінші раундта эквадорлық Джейсон Миндуды (14-5-1, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын. Бұл Қанаттың 2019 жылдан бері алғашқы кездесуі болған еді.

Постер
Фото: Sports.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1949345-otandyq-bokssy-qanat-islamnyn-kezekti-zekpe-zegi-qasan-otetini-belgili-boldy/

pixel