Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыстың финалына шықты

Опубликовано:

Анна Данилина
Анна Данилина. Фото: Adam Nurkiewicz/Getty Images

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Үндістанның Нави-Мумбаи қаласында өтіп жатқан W25 турнирінің финалына шықты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина украиналық Валерия Страховамен бірге жартылай финалда ресейлік Екатерина Яшина мен үндістандық Пратана Томбаремен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-украиналық жұп қарсыластарын 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Аталмыш додада тағы бір қазақстандық Жібек Құламбаева да финалға шығуы мүмкін. Ол латвиялық Диана Марцинкевичпен бірге жартылай финалда жапониялықтар Нахо Сато – Моюка Учижимамен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1949532-qazaqstandyq-tennissi-undistandagy-zarystyn-finalyna-syqty/

pixel