Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлем чемпионы атағы сарапқа салынады": Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласын білді

Опубликовано:

Боксшы
Фото: janibek_qazaqstyle

Inside the Ropes басылымы отандасымыз Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионы атағы үшін өтуі керек кездесуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz

"Егер нақты болса, Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы WBO чемпионы вакантты атағы үшін Эскива Фалькаоға қарсы жекпе-жегін көре аламыз. Бұл таңқаларлық, қызықты кездесу", - деп жазды The Ropes Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Эскива Фалькао бұған дейін титулдық жекпе-жектер өткізбеген.

Негізінен орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша қазіргі әлем чемпионы Деметриус Андраде. Ал Жәнібек Әлімханұлы — оның міндетті қарсыласы. Алайда жақын уақытта Андраде салмақ көтереді деген ақпарат бар. Сол уақытта белбеу бос қалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1949569-alem-cempiony-atagy-sarapqa-salynady-zanibek-alimxanuly-kelesi-qarsylasyn-bildi/

pixel