Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мэнни Пакьяоны нокдаунға түсірген қазақстандық боксшы күтпеген мәлімдеме жасады (видео)

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Instagram/mannypacquiao

Боксшы Серікжан Ешмағамбетов Youtube желісіндегі Podcast studio 47 арнасына берген сұқбатында "рингке қайта ораласыз ба" деген сауалға жауап берді.

Бағдарлама жүргізушілерінің бірі "егер сізде ринге оралу мүмкіндігі туындаса, бұл жайында ойланасыз ба" деген сауал қойды. Өз кезегінде қазақстандық боксшы шаршы алаңға қайта көтерілуге дайын екенін жеткізді.

"Жақсы гонорар үшін. Жалпы бұл маған өте қызық. Әрине, шаршы алаңға қайта шығуға болады. Еш мәселе жоқ. Алайда бұл үшін ыңғайла уақыт керек. Ал қазір барлығы қиын, пандемия. Бұған дейін жыл сайын бокс ардагерлерінің арасында турнир өткізіліп тұрды.
Жай ғана барып, болмайтын нәрсеге қатысып, "сен жұлдызсың" деген атақты алу маған қызық емес. Егер осыған ұқсас ұсыныстар туындап жатса ақша да маңызды болмайды. Денсаулық қымбат", - деп ағынан жарылды ардагер спортшы Серікжан Ешмағамбетов.

Айта кетейік, кәсіби боксшы ретінде Серікжан Ешмағамбетов 2003 жылы аты аңызға айналған Мэнни Пакьяомен жекпе-жек өткізді.

Төртінші раундта отандасымыз филиппиндік былғары қолғап шеберін нокдаунға жіберді. Алайда жекпе жек бесінші раунда аяқталды. Себебі, Серікжан Ешмағамбетовтің өзі ауыр соққы өткізіп, нокаутқа түсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1949580-menni-pakyaony-nokdaunga-tusirgen-qazaqstandyq-bokssy-kutpegen-malimdeme-zasady-video/

pixel