Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан бокстан Азия чемпионатына қатыспайды: Бас бапкер себебін айтты

Опубликовано:

Бокс
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан құрамасы қаңтардың 20-cында Өзбекстан астанасы Ташкентте өтетін 22 жасқа дейінгі былғары қолғап шеберлері арасындағы Азия чемпионатына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұның себебін ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов түсіндіріп өтті.

"Қазақстан Республикасының ұлттық олимпиада комитеті еліміздегі соңғы жағдайларға байланысты барлық оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарды тоқтатты", - дейді ол.

Айта кетейік, Ташкентте өтетін байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасына жалпыкомандалық есепте бірінші орын алу міндеті қойылған еді.

Еске сала кетсек, осыған дейін әйгілі Мэнни Пакьяоны нокдаунға түсірген қазақстандық боксшы күтпеген мәлімдеме жасаған болатын.

Серікжан Ешмағамбетов ұзақ үзілістен кейін шаршы алаңға қайта көтерілуге дайын екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1950937-qazaqstan-bokstan-aziya-cempionatyna-qatyspaidy-bas-bapker-sebebin-aitty/

pixel