Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Australian Open: Елена Рыбакина Зарина Диясты жеңіп, екінші айналымға шықты

Опубликовано:

Теннис
Фото: olympic.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елена Рыбакина алғашқы айналымда отандасы, рейтингте 104-орында тұрған Зарина Дияспен кездесті.

Алғашқы партия Зарина Диястың пайдасына шешілді. Есеп 6:7.

Екінші партия Елена Рыбакинаның азғандай басымдылығымен аяқталды (7:6).

Шешуші партияда Елена Рыбакина отандасына ешқандай мүмкіндік қалдырмай, 6:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Австралия ашық чемпионатының келесі кезеңіне шықты.

Елена Рыбакина екінші айналымда рейтингте 74-сатыда тұрған қытайлық Чжан Шуаймен кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1951736-australian-open-elena-rybakina-zarina-diyasty-zenip-ekinsi-ainalymga-syqty/

pixel