Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда танымал спортшы өлі күйінде табылды

Опубликовано:

Эркул уулу Манас
Эркул уулу Манас. Фото: turmush.kg

Қырғыстанның Ош қаласында балуан Эркул уулу Манас өлі күйінде табылды, деп хабарлайды turmush.kg.

Басылымның жазуынша, алдын ала деректер бойынша спортшының денесі әпкесінің үйінен табылған.

Ош қаласы Ішкі істер бөлімінің баспасөз қызметі ақпаратты растаған.

"16 қаңтарда сағат 20.00-де милицияға болған жайт туралы Мамырова көшесінің тұрғыны хабарлады. 1992 жылы туған Э. уллу М. өлі күйде табылғанын хабарлады. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген Ішкі істер бөлімінің мәліметінде.

Кейінірек, милиция марқұмның Чоң-Алай ауданынан туыстарына қонаққа келгенін, үй иелері кеткен кезде дәретханада асылып қалғанын хабарлаған.

Спортшының денесін туған жері Чоң-Алай ауданына әкеткен. Тергеу жүріп жатыр.

Сонымен бірге, 24.kg басылымның жеке дереккөздеріне сілтеме жасап жазуынша, Эркул уулу Манас Ішкі істер министрлігінде 2019 жылдан бері іздеуде болған.

Айта кетсек, Эркул уулу Манас грэпплингтен Қырғызстанның 6 дүркін чемпионы, ADCC грэпплингтен абсолюттік салмақ дәрежесінде Қырғызстан чемпионы, UWW Азияның 2 дүркін чемпионы, ADCC Азия және Океания грэпплинг чемпионатының күміс жүлдегері, WEF PROFFIGHT Kulatuu жеңімпазы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1951833-qyrgyzstanda-tanymal-sportsy-oli-kuiinde-tabyldy/

pixel