Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тарихта тұңғыш рет Олимпиада құрамасының формасында ел атауы қазақша жазылады

Опубликовано:

Жарыс
Фото: Olympic.kz

Қазақстан тарихында тұңғыш рет Олимпиада құрамасының формасында ел атауы қазақша жазылады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Маңызды элементті халықаралық белгіден ұлттық белгіге өзгерту үшін халықаралық олимпиада комитетінен арнайы рұқсат алынған.

Бұл ретте Қазақстан халықаралық олимпиада комитетінің үш әріптік кодтарының тізімінде KAZ белгісімен қала береді. Өйткені аббревиатура халықаралық стандартқа сәйкес пайдаланылады.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті құраманың формасында ел атауының қазақша жазылуы атлеттерге сенімділік беретініне сенеді.

"Олимпиада ойындары - ең алдымен үздік атлеттер өз байрағымен шығатын достық пен бейбітшіліктің үлкен фестивалі. Бұл тек спортшылар үшін ғана емес, өз командаларын қолдайтын барлық жанкүйер үшін маңызды оқиға. Олимпиада кезіндегі кез келген жабдыққа басты назар аударылады. Шетелдік әріптестеріміз жаңа жазуға жоғары баға берді. Біздің атлеттерге де форманың жаңа элементі ұнайтынына сенімдіміз. Олимпиадашылар - Қазақстанның шетелдегі маңызды елшілері. Сондықтан отандастарымыз біздің командамызға - өз командасына қолдау көрсетеді деп үміттенеміз", - дейді Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті.

Бейжіңдегі қысқы олимпиада ойындарына спортшылар жаңартылған формамен барады. Көп ұзамай комитет жаңа форманы таныстыратынын атап өтті.

Сурет
Фото: Olympic.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1951874-tarixta-tungys-ret-olimpiada-quramasynyn-formasynda-el-atauy-qazaqsa-zazylady/

pixel