Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі келесі жекпе-жегі өтетін мерзімді атады

Опубликовано:

аралас жекпе жек шебері
Фото: Instagram/zhumagulov_zhalgas

Қазақстандық UFC файтері Жалғас Жұмағұлов (14-6) жанкүйерлеріне келесі жекпе-жегін қашан өткізетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

"Баршаңызға ассалаумағалейкум! Жағдайым жақсы. Дайындалып, жаттығып жатырмыз. Айдың соңына қарай оқу-жаттығу жиынына аттанамын, келесі жекпе-жекке дайындаламын. Рамазанға дейін жекпе-жек өткізгім келеді, сосын Рамазанда демаламын", - деді Жұмағұлов Instagram Stories-те жариялаған видеоүндеуінде.

Естеріңізге сала кетсек, отандасымыз кейінгі жекпе-жегінде "Жако" анголалық Манел Капеден (17-6) бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтылып қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1952007-zalgas-zumagulov-ufc-degi-kelesi-zekpe-zegi-otetin-merzimdi-atady/