Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қол жетпес арман еді": Олимпиадаға жолдама алған қазақстандық спортшы қандай сезімде екенін айтты

Опубликовано:

Шорт трекші, спортшы
Фото: olympic.kz

Шорт-тректен Қазақстан командасының мүшесі Яна Хан Бейжің Олимпиадасына жолдама алған спортшылар қатарында. Ол қандай сезімде жүргенін және дайындық барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Olympic.kz.

"Олимпиадаға баратын бес спортшының (ред. шорт-тректен) қатарына енетіміне әлі күнге дейін сене алмай отырмын. Ең соңына дейін аралас эстафета бойынша Бейжіңде ел намысын қорғайтынымды білмедім. Жекелей сында жолдама алу үшін маған екі саты жетпей тұр еді.

Оның үстіне, бұл менің ересектер арасындағы алғашқы әлем кубогім болатын. Сондықтан, қобалжу басым болды. 

Шынымды айтсам, Олимпиадаға қатысатыныма әлі сенбей тұрмын. Маған бұл қолжетпес арман еді. Сол арманымның орындалғанын қуаныштымын. Дайындық жақсы өтіп жатыр, негізінен, жылдамдыққа жұмыс істеп жатырмыз. Біз эстафетаға, жігіттер жағы жекелей сынға жаттығуда", - деді Яна. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1952039-qol-zetpes-arman-edi-olimpiadaga-zoldama-algan-qazaqstandyq-sportsy-qandai-sezimde-ekenin-aitty/

pixel