Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері коронавирус жұқтырып алды
Опубликовано:

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Какадан Нидерландыда өтетін Еуро-2022 қарсаңында коронавирус анықталды.
Бұл туралы футзалдан Қазақстан құрамасы Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.
Құраманың мәліметінше, бас бапкер Рикардо Кака мен футзалшы Арнольд Кнаубтан алынған ПТР-тест оң нәтиже көрсеткен.
Салдарынан Кака мен Кнауб Еуропа чемпионатындағы Словениямен өтетін алғашқы ойынға қатыса алмайды.
Матч бейсенбі, 20 қаңтар күні астана уақытымен 22:30-да басталады. Команданы ойынға бас бапкердің көмекшісі Сергей Коридзе бастап шығады.
Еске сала кетсек, бұған дейін "ПСЖ" клубының футболшы Лионель Мессидің коронавирус жұқтырып алғанын жазған едік.
Одан бөлек, команданың тағы үш ойыншысынан - Хуан Бернат, Серхио Рико мен Натан Битюмазаладан да COVID-19 анықталған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1952152-futzaldan-qazaqstan-quramasynyn-bas-bapkeri-koronavirus-zuqtyryp-aldy/