Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қысқы Олимпиада: Қазақстан құрамасының формасы таныстырылды

Опубликовано:

Форма
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Еліміздің Ұлттық Олимпиада комитеті таяуда Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына арналған Қазақстан құрамасының формасын таныстырды. Қазақстан тарихында алғаш рет экипировкадағы ел атауы қазақ тілінде "Qazaqstan" болып жазылады, деп хабарлайды olympic.kz.

ҰОК-тің мәліметінше, олимпиадалық командаға арналған спорттық форманы қазақстандық ZIBROO компаниясы шығарған.

Салтанатты жүріп өту рәсіміне арналған коллекцияны ресейлік дизайнер, SHISHKIN брендінің негізін қалаушы Дмитрий Шишкин дайындаған.

Олимпиадалық экипировканы дайындауға бір жылдан аса уақыт кеткен. Киімді дайындау процесіне спортшылардың өздері да атсалысқан. Олар форманың дизайны, сапасы мен функционалына қатысты өз ұсыныстарын айтқан. 

Олимпиада
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

"Бір аптадан соң Қазақстанның олимпиадалық құрамасы Қытайға ұшып кетеді. Ал 4 ақпан күні төртжылдықтың басты додасы – қысқы Олимпиада басталады. Біз олимпиадалық экипировканы дайындау кезінде спортшылардың ұсыныс-тілегін ескердік. Біз үшін Олимпиада ойындарында спортшылар осы формада өздерін ыңғайлы, жайлы және сәнді сезінгендері маңызды", - дейді ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков.

Форма
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындарына арналған форманың таныстырылымына Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Абылайхан Жүсіпов, Софья Берульцева сынды танымал спортшылар да қатысқан.

Олимпиада
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Ал 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпан күні Бейжіңде басталып, 20 ақпанға дейін созылады. Қазақстан командасы бұл айтулы додада спорттың сегіз түрінен бақ сынайды. 

Олимпиада
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

форма11
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

олимпада форма11
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

жігіттер формада
Фото: олимпада форма

жігіттер формамен74
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

форма Қазақстан11
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1952184-qazaqstan-quramasynyn-beizin-olimpiadasyndagy-formasy-tanystyryldy/

pixel