Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатын тең есеппен бастады (видео)

Опубликовано:

Кіші футбол
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерланд елінің Гронинген қаласында өтіп жатқан Еуропа чемпионатының топтық кезеңін тең есеппен бастады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ел құрамасы алғашқы турда Словениямен кездесті.

Мартини Плаза аренасында өткен тартысты матчта 4:4 есебі тіркелді.

Қонақтар сапынан Тотошкович, Фидершек, Чех және Турк гол соқса, Қазақстан құрамасынан Дуглас (екі гол ұрды), Оразов, Тоқаев мергендігімен көзге түсті.

Айта кетейік, бүгінгі матчта Дәурен Тұрсағұлов, Арнолд Кнауб, Лео әріптестеріне көмектесе алмады. Бірі жарақат алса, екіншісінің ковид сынамасы оң нәтиже көрсеткені белгілі. Сонымен қатар, бас бапкер Кака да коронавирус жұқтырып, матчта көгілдір экраннан көруге мәжбүр болды.

Енді Қазақстан құрамасы 25 қаңтар күні Финляндиямен ойнайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1952232-futzaldan-qazaqstan-quramasy-europa-cempionatyn-ten-eseppen-bastady/

pixel