Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзімізді модель сезіндік": Берульцева Қазақстан құрамасының формасына баға берді

Опубликовано:

Жарыс
Фото: olympic.kz

Каратэден Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева Қазақстан командасының қысқы Олимпиадаға арналған формасына қатысты өз ойын айтты деп хабарлайды Olympic.kz. 

"Форманың таныстырылымына шақырту алғанымда таң қалдым әрі қуандым. Өйткені, қысқы спорттағы атлеттеріміздің нәтижесін үнемі қадағалап жүремін. Бір күн бойы өзімізді модель сезіндік. Мұндай қызық жобаға қатысу мен үшін үлкен тәжірибе. Форма қатты ұнады, түсі де, эпикировканың сапасы да қуантады. Өте жылы әрі денеге жақсы тұрады.

Спортшылар жабық ғимараттарда да, үлкен стадиондарда да өздерін ыңғайлы сезінетіні анық. Айтпақшы, олардың ең стильді болатынына да күмәнім жоқ. Алдағы ең маңызды жарыста қазақстандық командаға сәттілік тілеймін. Алға!", - деді Токио Олимпиадасының жүлдегері, каратэші Софья Берульцева. 

Еске сала кетейік, бұған дейін еліміздің Ұлттық Олимпиада комитеті Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына арналған Қазақстан құрамасының формасын таныстырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1952348-ozimizdi-model-sezindik-berulceva-qazaqstan-quramasynyn-formasyna-baga-berdi/

pixel