Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Басқа амал жоқ": Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасады

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы85
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: sports.kz

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы көпшілік күтіп жүрген чемпиондық жекпе-жектің қашан болатыны туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы отандасымыз Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Армысыздар ардақты жанкүйерлер. Бүгін шешілуі керек болған чемпиондық жекпе-жек уақыты тағы да бір аптаға кейінге қалды.

WBO ресми мәлімдеме жасап, ковидқа байланысты келісімді 28 қаңтарға қалдыруға туралы келді деп отыр. Әлемде жағдай қиын болуда. Ауырғандар саны көп. Сондықтан да бұл шешімге түсіністікпен қараймыз!

Әрине созылып кетті. Бірақ басқа амал жоқ. Тағы бір апта күтеміз. Чемпионмен жекпе-жекті асыға күтіп жүрміз.

Бұйыртса биыл Qazaq STYLE тарих жасайды", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1952473-basqa-amal-zoq-zanibek-alimxanuly-zankuierlerine-undeu-zasady/

pixel