Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы болашағы зор 6 кәсіпқой боксшының қатарына енді

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Танымал бокс шолушысы Дэн Рафаэль 2021 жылдың қорытындысы бойынша болашағы зор кәсіпқой боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Басылымның мәліметінше, аталған тізімде қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы да бар. Ол 19 спортшының ішінде 6-орында тұр.

Журналистің нұсқасы бойынша ТОП-3 қатарына аса аур салмақтағы АҚШ боксшысы Джаред Андерсон, бірінші орта салмақтағы Пуэрто-Рико өкілі Ксандер Зайяс және жартылай орта салмақтағы ұлыбританиялық Конор Бенн енген.

Айта кетсек, Top Rank промоутерлік компаниясының өкілі Жәнібек Әлімханұлы соңғы екі жекпе-жегінде орта салмақтағы Роб Брант пен Хассан Ндам Нжиканы нокаутқа жіберген еді.

Осылайша, отандасымыз Boxrec.com сайтындағы орта салмақ рейтингінде сегізінші орынға тұрақтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1952789-zanibek-alimxanuly-bolasagy-zor-6-kasipqoi-bokssynyn-qataryna-endi/

pixel