Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің олимпиадасындағы шаңғы қоссайысында ел намысын қорғайтын жалғыз спортшы кім

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Olympic.kz

Бейжің олимпиадасында тек қана ерлер бақ сынайтын жалғыз спорт түрі бар. Бұл - шаңғы қоссайысы. Байрақты бәсекеде аталған спорт түрінен 55 спортшы бақ сынамақ. Оның ішінде қазақстандық атлет те бар деп, хабарлайды Olympic.kz.

1995 жылғы спортшы Шыңғыс Ракпаров Қытайда өтетін олимпиадада шаңғы қоссайысынан ел намысын қорғайтын болды.

Бұл ақпаратты команданың бас бапкері Ділшат Мираев растап отыр.

"Халықаралық жарыстарда жиған ұпайымыз бойынша Олимпиадаға жолдама берілді. Шыңғыс - жас спортшы. Ол үшін бұл Олимпиада үлкен тәжірибе болары анық. Екінші жолдама алатын мүмкіндігіміз де болған. Тағы бір спортшымыз кезекте тұр еді. Алайда, аздап ұпай жетпей қалды", - деді Ділшат Мираев. 

Айта кетейік, Бейжің олимпиадасында шаңғы қоссайысынан үш жүлде жиынтығы сарапқа салынады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1952868-beizin-olimpiadasyndagy-sangy-qossaiysynda-el-namysyn-qorgaityn-zalgyz-sportsy-kim/

pixel