Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің олимпиадасында жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы беріледі

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Olympic.kz

Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Бейжіңде өтетін XXIV қысқы олимпиада мен паралимпиадада жүлде алған спортшыларға қанша сыйақы берілетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, байрақты бәседе жүлделі орын алған олимпиадашылар мен паралимпиадашылар (1-6 орын) ақшалай сыйақы алады.

"Заңда қарастырылғандай, жеңіп алған медальдарға қарай пәтер де бөлінеді. Бірінші орын үшін – 250 мың доллар, одан кейін – 150 мың және 75 мың доллар сыйақы бекітілген. Медаль жеңіп алған жағдайда, бұл қаражат Қазақстан Республикасы мемлекеттік резервінен төленеді", - деді Серік Жарасбаев.

Айта кетейік, Бейжіңдегі олимпиадалық команда құрамында 34 спортшымыз бақ сынайды. Олар сегіз спорт түрі бойынша жарыс жолына шықпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1952945-beizin-olimpiadasynda-zulde-algan-sportsylarga-qansa-syiaqy-beriledi/

pixel