Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлы "Канелоның" салмағына өтуге қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Боксшы
Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы қазіргі уақытта өнер көрсетіп жүрген салмақ дәрежесіндегі жекпе-жектермен шектеліп қалмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Бүгін орта салмақтағы WBO әлем чемпионы титулының иегері Деметриус Андраде отандасымызбен жекпе-жекпе шықпай, екінші орта салмаққа өту туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Андраде келесі салмаққа британиялық Зак Паркермен жұдырықтасу үшін ауысқан. Ол бұл жекпе-жекте жеңсе, мексикалық Сауль "Канело" Альварестің міндетті қарсыласы атанбақ.

Осы орайда Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасап, алдағы уақыттарда супер орта дивизионның титулдарын жеңіп алу жоспарында бар екенін жеткізді.

"Келесі жылы екінші орта салмақтағы чемпион атағына міндетті үміткер боламын", - деп жазды ол Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетсек, Top Rank промоутерлік компаниясының өкілі Жәнібек Әлімханұлы соңғы екі жекпе-жегінде орта салмақтағы Роб Брант пен Хассан Ндам Нжиканы нокаутқа жіберген еді.

Осылайша, отандасымыз Boxrec.com сайтындағы орта салмақ рейтингінде сегізінші орынға тұрақтаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1953256-zanibek-alimxanuly-kanelonyn-salmagyna-otuge-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel