Головкин мен Альварестің үшінші жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін

Опубликовано:

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес
Фото: instagram.com/canelo, instagram.com/gggboxing

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (57-1-2, 39 KO) арасындағы үшінші жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды. Боксшылар екінші орта салмақта төрт титулды сарапқа салынады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Белгілі инсайдер Майк Коппинджер ESPN-ге арналған материалында жекпе-жек 2022 жылдың қыркүйегінде өтуі мүмкін екенін хабарлады. 

"Эдди Хирннің Matchroom Boxing промоушенінен басқа ұсыныс келді. Ол екі жекпе-жек ұсынды. Ұсыныс бойынша Канело 7 мамырда жартылай ауыр салмақтағы титул иегері Дмитрий Биволмен (19-0, 11 КО) кездеседі.

Екінші жекпе-жек - 17 қыркүйекте Альварес пен Головкин арасындағы көптен күткен кездесу. Бұл жолы 168 фунтта Альварестің төрт титулы сарапқа салынады", - деді ол.

Еске салайық, Канело мен Головкин 2017 және 2018 жылдары Лас-Вегаста жұдырықтасқан болатын. Алғашқы кездесуде боксшылар тең түссе, екіншісінде мексикалық жеңіске жеткен еді. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1953369-golovkin-men-alvarestin-usinsi-zekpe-zegi-qasan-otui-mumkin/