Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қысқы олимпиада: Қазақстандық спортшылар Бейжіңге жетті

Опубликовано:

спортшы
Көрнекі фото: Olympic.kz

Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңге ұшып барды. Атлеттер қажетті тексеруден өтіп, ПТР сынағын тапсырып, олимпиадалық ауылға беттеген, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстанның олимпиадалық командасы арнайы чартерлік рейспен кеше түнде Бейжіңге аттанды.

Алғашқы рейспен конькимен жүгіру, фристайл-могул, шорт-трек, тау шаңғысы, шаңғымен тұғырдан секіру және шаңғы қоссайысынан құрама мүшелері ұшып кеткені белгілі болды.

Ал қорытынды жиынды шетелде өткізіп жатқан биатлон, шаңғы жарысы және шаңғы акробатикасынан ұлттық құрамалар Қытайға өз бағыты бойынша келеді.

Айта кетейік, барлық спортшылар мен бапкерлер ұшар алдындағы соңғы аптаны карантинде өткізді. Нақтылап айтар болсақ, олар үшінші тараппен байланыспай, көпшіліктен бөлек тұрып, бөлек жаттығу жасады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1953520-qysqy-olimpiada-qazaqstandyq-sportsylar-beizinge-zetti/

pixel