Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің Олимпиадасы: Қазақстандық спортшылар қайда тұрып жатыр

Опубликовано:

Бейжің-2022
фото: olympic.kz

Қытайға ұшып барған қазақстандық спортшылар олимпиада ауылдарына қоныстанды. Қазіргі уақытта олар дайындық жұмыстарына кірісіті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мұндағы Олимпиада ауылдары үш жерде орналасқан. Мұз айдынында өтетін спорт түрлерінің өкілдері Бейжіңге, тау шаңғысынан жарысатын спортшылар Яньцинге, биатлон, шаңғы жарысына қатысушылар мен фристайлшылар Чжанцзякоу ауданына жайғасты.

Қазақстан делегациясы қатысатын спорт түріне байланысты үш олимпиадалық ауылға бөлініп орналасты.

Еліміздің байрағын көтеріп шығатын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлмесінде отырған суретін жариялады.

Фотодан ұйымдастырушылардың жарық әрі ыңғайлы бөлме әзірлеп қана қоймай, әртүрлі сыйлық дайындағанын байқауға болады. Олардың ішінде жуынуға арналған заттар, сөмке және қолғап бар.

"Барлықтарыңызға жалынды сәлем. Қазақстан құрамасы аман-есен Бейжің қаласына ұшып келді. ПТР сынамасын тапсырдық. Барлығы жақсы. Ойдағыдай. Алғашқы жаттығуларымызды жасадық. Олимпиаданың басталуына өте аз уақыт қалды. Бізге сәттілік тілеп қойыңыздар", - деді Абзал Әжіғалиев KAZ.NUR.KZ тілшісіне.
Шорт трек
Фото: Instagram/abzal_azhgaliyev

Төртжылдық додасында ел намысын қорғайтын тағы бір спортшымыз - Әділ Ғалиахметов те бөлмесін көрсетіп шықты.

Ұлттық олимпиада комитеті желіде жария еткен видео кадрынан "спортшылар үйінің" бірнеше бөлмеден тұратынын аңғару қиын емес. Тіпті, жарысқа қажетті жабдықтардың өзіне арнайы орын қарастырылғаны роликте көрінеді.

Шорт-трекшінің айтуынша, бөлме жылы әрі жарық.

Бейжің
Бейжіңдегі олимпиада ауылы. Әділ Ғалиахметов. Фото: Instagram/galiahmetov.adil

Сондай-ақ, ол кереуеттің ыңғайлы екенін, соңғы технологиямен жасалғанын тілге тиек етті.

"Бізді қолдап жатқандарыңызға көп рақмет. Өте керемет сервис. Барлығы жақсы", - деп сөзін қорытындылады Әділ.

Beijing
Бейжіңдегі олимпиадалық ауыл. Фото: Olympic.kz

Шаңғы спорты түрлерінен сынға түсетін қазақстандық құрама Чжанцзякоуда жатыр. Бұл олимпиадалық ауыл Бейжіңнен 180 шақырым қашықтықта орналасқан.

Мұндағы спортшылар да жаттығу жұмыстарын бастап кеткендерін хабарлады.

Олимпиада
Чжанцзякоудағы олимпиада ауылы. Фото: Instagram/_olesya_kuralesya_

Тағы бір олимпиадалық ауыл - Қытайдың астанасынан жүз шақырым қашықтықта қоныс тепкен Яньцинде.

Айта кетейік, олимпиада ауылдарында жатқан спортшылар мен жаттықтырушылар жеке кабинада тамақтануда.

Бұдан бөлек, олар күнде ПТР сынамасын тапсырып жатыр.

Әлеуметтік желі
Фото: Instagram/shorttrackkz

Қазіргі уақытта қысқы ойындарға қатысушылар дайындықты бастап кетті.

Оларды спорт кешендеріне арнайы автобустар алып баруда.

Бейжің
Фото: Instagram/shorttrackkz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1953613-beizin-olimpiadasy-qazaqstandyq-sportsylar-qaida-turyp-zatyr-foto-video/

pixel