Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теннис: Анна Данилина Австралия ашық чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Опубликовано:

Анна Данилина
Анна Данилина. Фото: Adam Nurkiewicz/Getty Images

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Австралия ашық чемпионатының жұптық сынында жеңіліс тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Финалдық бәскеде Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге әлемнің жұптық сындағы бірінші ракеткалары, чехиялық теннисші қыздар Барбора Крейчикова мен Катерина Синяковаға қарсы ойнады.

Матч үш сетке созылып, 7:6, 4:6, 4:6 есебімен аяқталды.

Ойын 2 сағат 44 минутқа созылды.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Анна Данилина алдағы дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингте жұптық сын бойынша үздік 25 теннисшінің қатарына кіреді.

Айта кетейік, Анна Данилина қазақстандық теннисші қыздар арасында алғашқы болып Австралия біріншілігінің финалына дейін жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1953695-australian-open-2022-anna-danilina-kumis-zuldeger-atandy/

pixel