Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қысқы олимпиадада Қытай намысын қорғайтын қазақ қыздары кімдер

Опубликовано:

Олимпиада
Фото: Instagram/beijing2022

Бейжіңдегі қысқы олимпиада ойындарына қатысатын қытайлық спортшылардың есімң жарияланды. Олардың қатарында 3 қандасымыз бар, деп хабарлайды Қазақпарат.

Төрт жылдықтың ірі додасында Баян Жалынқызы, Қадыс Бәделханұлы, Ақнар Адаққызы атты үш қандасымыз Қытай құрамасының атынан өнер көрсетпек.

Баян Жалынқызы 1999 жылы Алтайдың Жеменей ауданында дүниеге келген. Ол аспан асты елінде өтетін қысқы ойындарда тау шаңғысы бойынша бақ сынайды.

Баян 2018 жылдан бастап Норвегияда 3 жыл қатарынан аталған спорт түрінен дайындалып, біліктілігін шыңдады.

Ақнар Адаққызы 1999 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесіне қарасты Құттыби ауданында дүниеге келген. Қазіргі уақытта ол конькимен жүгіруден Қытай құрамасының мүшесі. Спортшы осы уақытқа дейін бірнеше мәрте республикалық және халқаралық жарыстарда жеңіске жеткен.

Қадыс Бәделханұлы 1999 жылы Қытайдың Фукаң қаласында туған. Қандасымыз Олимпиада ойындарында тау шаңғысы спортынан өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1953697-qysqy-olimpiadada-qytai-namysyn-qorgaityn-qazaq-qyzdary-kimder/

pixel