Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық конькишілер Бейжіңде жаттығуды бастады

Опубликовано:

Коньки
Фото: Olympic.kz

Бейжің төрінде конькимен жүгіруден ел намысын Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Иван Аржаников және Денис Кузин қорғайды. Олар дайындыққа қызу кірісіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қазақстан ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, спортшылар Қытайдың Ұлттық конькимен жүгіру стадионында жаттығып жатыр.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар қысқы Олимпиадаға 87 жолдама жеңіп алды.

Шаңғымен жарысудан еліміздің атынан екі ер адам және бес әйел адам сынға түседі.

Олар: Виталий Пухкало, Евгений Величко, Ксения Шалыгина, Валерия Тюленева, Ирина Быкова, Надежда Степашкина және Ангелина Шурыга.

Фристайл-могулдан бақ сынайтын спортшылар тізімі: Юлия Галышева, Аяулым Амренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков.

Шаңғы акробатикасынан Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Шерзод Хаширбаев Қазақстан намысын қорғайды.

Тау шаңғысынан қазақстандық Захар Кучин слалом мен гигантты слаломда сынға түссе, әйелдер арасындағы слаломда Александра Троицкая жарыс жолына шығады.

Шаңғымен секіруден Сергей Ткаченко мен Данил Васильев Олимпиада жолдамасын иеленді, шаңғы қоссайысынан Шыңғыс Ракпаровқа сенім артамыз. Ол аталған спорт түрі бойынша Олимпиадаға алғаш рет қатысып отырған қазақстандық ретінде тарихта қалмақ.

Биатлоннан Галина Вишневская-Шепоренко, Александр Мухин мен Владислав Киреев, конькимен жүгіру спортынан Надежда Морозова, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Иван Аржаников пен Денис Кузинге жанкүйер боламыз.

Шорт тректен бес спортшы бақ сынайды. Олар – Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Ольга Тихонова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1953724-qazaqstandyq-konkisiler-beizinde-zattygudy-bastady/

pixel