Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжіңде ел намысын қорғайтын ерлі-зайыпты Морозовтар туралы не білеміз (фото)

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Instagram/dima0896

Бейжіңде өтетін қысқы олимпиадада ел намысын 34 спортшының қорғайтыны белгілі. Бұлардың арасында ерлі-зайыпты Дмитрий мен Надежда Морозовтар бар, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Спортшылар Бейжіңде өтетін қысқы олимпиадада конькимен жүгіру спортынан бақ сынайды. Дмитрий 1000 және 1500 метр қашықтықта жарыс жолына шықса,

Надежда 1000, 1500, 3000 метр қашықтықта және масс-стартта сынға түспек.

Дмитрий Морозов туралы не білеміз?

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Дмитрий 1996 жылы 28 шілдеде дүниеге келген. Ол конькимен жүгірумен 9 жасынан бастап айналысады.

Спортшы 3000 және 5000 метр қашықтықта Қазақстан Республикасының рекордын орнатқан.

Дмитрий 2018 жылы Белоруссияның Минск қаласында өткен студенттер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.

2020 жылы АҚШ-тың Милуоки қаласында өткен төрт құрлық чемпионатында күміс, 2021 жылы Канаданың Калгари қаласында өткен біріншілікте алтын жеңіп алған.

Спортшылар
Фото: Instagram/dima0896

Надежда Морозова туралы не білеміз?

Надежда 1998 жылы 22 қыркүйекте елордада өмірге келген. Ол конькимен жүгірумен 12 жасынан бастап айналысады.

Спортшы 1500, 3000 және 5000 метр қашықтықта еліміздің үш ұлттық рекордын орнатқан.

Надежда 2020 жылы АҚШ-тың Милуоки қаласында өткен төрт құрлық чемпионатында екі қашықтық бойынша сынға түсіп ( 1500 және 3000 метр), екі күміске ие болды.

Сонымен қатар, өткен жылы ол Польшаның Томашув-Мазовецки қаласында өткен әлем кубогында қола жүлдені Қазақстан қоржынына салды.

Айта кетейік, Дмитрий мен Надежда 2018 жылы сәуір айында отау құрған. Олардың үйлену тойлары Алматы қаласында өтті.

спорт
Фото: Instagram/dima0896

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1953725-beizinde-el-namysyn-qorgaityn-erli-zaiypty-morozovtar-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel