Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің-2022: Баспасөз конференциялары қай тілдерде өткізіледі

Опубликовано:

Баспасөз орталығы
Фото: KAZ.NUR.KZ

Санаулы күндерде алауы тұтанатын қысқы олимпиада ойындарында баспасөз конференциялары сегіз тілде өткізіледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ұйымдастырушылар баспасөз конференциясы өтетін ең үлкен зал 399 орыннан тұратынын хабарлады.

Бірақ санитарлық талапты қатаң сақтау мақсатында цифр әлі де қысқаруы мүмкін, дейді олар.

Журналистер қажет болған жағдайда синхронды аударма арқылы сегіз тілді таңдай алады. Олар: қытай, ағылшын, неміс, француз, жапон, орыс, италиян және кәріс тілдері.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін, Қытайдың жаңа жылы қарсаңында қазақстандық спортшыларға сыйлық берілеті айтылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1953768-beizin-2022-baspasoz-maslixaty-qai-tilderde-otkiziletini-belgili-boldy/

pixel