Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әркімді жеке отырғызады": Танымал спортшы Бейжің олимпиадасының асханасын көрсетті (видео)

Опубликовано:

Бейжің олимпиадасы
Видеодан кадр: Instagram/chingisakparov

Бейжің Олимпиадасында шаңғы қоссайысынан Қазақстан намысын қорғайтын Шыңғыс Ракпаров олимпиада ауылының асханасын көрсетті. Видео Чжанцзякоу аумағында түсірілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Спортшы бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

"Олимпиада ауылындағы асханаға шағын шолу. Асханада тағамның түр-түрі бар. Қытайлық, еуропалық, халал және тағы басқа ас мәзірлерін кездестіруге болады. Сонымен қатар, фаст-фуд та бар. Әркімді жеке отырғызады", - деді Шыңғыс Ракпаров.

Видео кадрынан тамақтану орнында санитарлық талаптардың қатаң сақталатынын аңғару қиын емес. Спортшыларға қызмет етіп жүрген персоналдардың барлығы қорғаныс костюмдерін киіп алғаны да роликте көрінеді.

Айта кетейік, шаңғы қоссайысынан Олимпиада жүлдесі тек ерлер арасында ғана сарапқа салынады. Бұл жарыста барлығы 55 спортшы сайысқа түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1953862-arkimdi-zeke-otyrgyzady-tanymal-sportsy-beizin-olimpiadasynyn-asxanasyn-korsetti-video/

pixel