"Барлық жерде бетпердемен жүру керек": Морозова Бейжіңдегі дайындығы туралы айтты

Опубликовано:

Спортшы
Надежда Морозова. Фото: Ұлттық олимпиада комиметі

Қазақстандық конькиші Надежда Морозова қысқы олимпиада алдындағы жаттығулардың қалай өтіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ол жаттығу циклі алдыңғы күні басталғанын жеткізді.

"Атмосфера, шынымды айтсам, алаңдатады, барлық жерде бетпердемен жүру керек (тіпті көшеде де). Осы жағы ыңғайсыз. Бірақ жалпы бізде бәрі жақсы. Жоспар бойынша дайындалудамыз.
Арена керемет, өте әдемі. Түстері де көзге жағымды. Мұз тайғақ, жарыс басталғанға дейін жақсарады деген үміттеміз", - деді Надежда Морозова.

Айта кетейік, конькимен жүгіру бойынша жарыстар 5 ақпан күні басталады. Аталған спорт түрінен ел намысын Надежда Морозовадан бөлек, Екатерина Айдова, Дмитрий Морозов, Иван Аржаников пен Денис Кузин қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1953873-barlyq-zerde-betperdemen-zuru-kerek-morozova-beizindegi-daiyndygy-turaly-aitty/