Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қобалжу бар": Абзал Әжіғалиевтің олимпиада қарсаңындағы дайындығы қалай

Опубликовано:

Спортшы
Фото: Ұлттық олимпиада комитеті

Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарына аттанған Ұлттық құраманың капитаны, шорт-тректен Қазақстан командасының көшбасшысы Абзал Әжіғалиев күллі әлем көз тігетін спорт сайысы қарсаңындағы дайындығы жөнінде айтып берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бейжің қаласында жаттығуды бастап кеттік. Спортшы болған соң, жарыстың алдында қобалжу бар", - деп сөзін бастады Абзал Әжіғалиев.

Ол төрт жылдықтың ірі додасына жалпы дайындығы жақсы екенін сөз етіп, қазақстандықтарды жанкүйер болуға шақырды.

Сонымен қатар, шорт-трекші өзі өнер көрсететін кешенге де баға бере кетті.

"Маған Бейжіңдегі кешеннің мұзы ұнады. Бұл аренада жаңа рекордтар тіркеледі деп ойлаймын", - деп ағынан жарылды Абзал Әжіғалиев.

Сөз соңында спортшымыз жарыс алдында бапкерлер қандай талап қойып отырғанын жеткізді.

"Бапкерлер әр спортшыға тактика туралы және жаттығу жайлы жоспар әрі кеңес беріп жатыр", - деді ол.

Айта кетейік, Бейжің олимпиадасында шорт-трекшілер бәсекесі 5-16 ақпан аралығында өтеді.

Бұл спорт түрінен ел намысын Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Ольга Тихонова қорғайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1953878-qobalzu-bar-abzal-azigalievtin-olimpiada-qarsanyndagy-daiyndygy-qalai/

pixel