Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футзалдан Қазақстан құрамасы Украинадан ұтылып, жарыс жолынан шығып қалды

Опубликовано:

Жомарт Тоқаев
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футзалдан Қазақстан құрамасы Нидерланд елінің Гронинген қаласында өтіп жатқан Еуропа чемпионатының ширек финалында Украинамен кездесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ел құрамасының бапкері Кака алғашқы минуттардан паркетке Игита, Арноль Кнауб, Дәурен Тұрсағұлов, Дуглас Жуниор, Біржан Оразов бастаған бестікті шығарды.

Ал Азат Валиуллин, Шыңғыс Есенаманов, Жомарт Тоқаев, Альберт Ақбалықов, Атантаев, Ерсұлтан Сағындық негізгі құрам ойыншыларын алмастырып отырды.

Құрама көсбасшылары Тайнан мен Эдсон сары қағаздың көптігіне байланысты кездесуге қатыса алған жоқ.

Тартысты өткен матчта отандастарымыз Украинадан 3:5 есебімен жеңілді.

Қазақстан сапынан Біржан Оразов екі рет, Дуглас Жуниор бір мәрте мергендігімен көзге түссе, қонақтардан Шотурма, Корсун, Зварич, Разуванов, Лебедь гол соқты.

Осылайша, футзалдан ел құрамасы Еуропа чемпионатын ширек финалда аяқтады. Ал Украина жартылай финалда Грузия немесе Ресеймен жолығады.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатының алғашқы матчында Қазақстан Словениямен тең ойнады. Есеп 4:4.

Екінші ойында Финляндия құрамасын айқын басымдықпен ұтса(6:2), үшінші кездесуінде Италиядан айласын асырған еді (4:1).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1953936-futzaldan-qazaqstan-quramasy-ukrainadan-utylyp-zarys-zolynan-sygyp-qaldy/

pixel