Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайрат" футбол клубының жаңа бас директоры тағайындалды

Опубликовано:

Асқар Есімов
Асқар Есімов. Фото: fckairat.com

Алматылық "Қайрат" футбол клубының жаңа бас директоры болып Есімов Асқар Асылбекұлы тағайындалды. Бұл туралы клуб ресми сайтында хабарлады.

Клубтың мәліметінше, 40 жастағы Асқар Есімовтің спорт саласындағы тәжірибесі мол, ол Қазақстанның дене шынықтыру және спорт комитетінде, сонымен қатар, ескек есу спортының федерациясында қызмет еткен.

Асқар Асылбекұлы экономика және қаржы саласында да нәтижелі жұмыстар атқарған.

"Сары-қаралар" отбасы Асқар Асылбекұлына жаңа қызметінде сәттілік тілейді және командамен бірге үлкен жеңістерге жетуіне әрқашан тілектес!", - делінген "Қайрат" футбол клубының хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1954066-qairat-futbol-klubynyn-zana-bas-direktory-tagaiyndaldy/

pixel