Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Машиналар қатысады": Бейжің олимпиадасының алауын алып жүру эстафетасы несімен ерекше

Опубликовано:

Олимпиада
Фото: Instagram/beijing2022

Бейжің қаласында қысқы олимпиада алауының эстафетасы басталды. Оны алып жүруге мыңнан астам адам қатыспақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Атаулы шара Қытай астанасының солтүстігіндегі олимпиадалық саябақтан бастау алды. 

Эстафетаны ресми түрде аспан асты елі кеңесінің бірінші вице-премьері Хань Чжэн ашты. 

Ұйымдастырушылар эстафета бағыты мен ұзақтығы коронавирус пандемиясына байланысты қысқарды деп отыр.

Індеттің алдын алу мақсатында эстафетаға көрермендердің де қатыспайтыны белгілі болды.

Эстафета үш олимпиадалық кластердегі 12 кезеңнен тұрады. Оны алып жүруге 14 пен 86 жас аралығындағы жалпы есебі 1200 адам қатысады деп жспарлануда.

Сонымен қатар, тарихта алғаш рет алауды адамдар ғана емес, машиналар да алып жүреді. 

Айта кетейік, Бейжіңдегі қысқы олимпиаданың ресми ашылуы 4 ақпанға жоспарланған. Алайда, кейбір спорт түрлері сайысты 2-3 ақпанда бастап кетеді. Олардың қатарында қазақстандық фристайл-могулшылар бар.

Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко, Олеся Граур, Павел Колмаков және Дмитрий Рейхерд ертең іріктеу кезеңдерінде өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954196-masinalar-qatysady-beizin-olimpiadasynyn-alauyn-alyp-zuru-estafetasy-nesimen-erekse/

pixel