Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің Олимпиадасының медальдары қандай (фото)

Опубликовано:

Жаңалық
Фото: KAZ.NUR.KZ

Ақпанның төртінші жұлдызында Бейжің Олимпиадасының алауы тұтанады. Дүбірлі додаға келген төрткүл дүниенің мықтылары екі апта аралығында жүлделерді сарапқа салмақ. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі қысқы ойындарда бағы мен бабы қатар шапқан спортшыларға берілетін медальдар туралы ақпарат ұсынады.

Бейжіңде Олимпиада медальдары әлем назарына ұсынылды.

Жүлденің атауы - "Тонг Ксинь". Бұл "бірге біртұтаспыз" деген мағынаны білдіреді.

Медальдың дизайны қарапайым болғанымен, өз ерекшеліктері бар. Мәселен, оның беткі жағында бейнеленген 5 сақина Олимпиада спортшыларының бірлігі мен қысқы Олимпиада ойындарының маңыздылығын білдіреді.

Алтын, күміс және қола медаль 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиаданың жүлделеріне ұқсас. Бұл Қытай астанасы қысқы және жазғы ойындарды қабылдаған әлемдегі алғашқы қала екенін аңдатады.

Бес сақинаның астыңғы тұсына "XXIV Olympic Winter Games Beijing 2022" деп жазылып, медаль қытай өрнектерімен көмкерілген.

Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арналған тұғыр экологиялық таза және өңделген материалдардан жасалған. Аспан көк түс 2022 жылғы қысқы ойынның негізгі түсі саналады. Сондай-ақ, қар мен мұз да үйлесім тапқан. 

Тұғырдың үсті спортшылар тайып кетпеуі үшін арнайы материалмен жабылады. Тұғырды тез жинап, тез құрастыруға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954203-beizin-olimpiadasynyn-medaldary-qandai-foto/

pixel