Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Галышева бар: Бүгін Бейжің олимпиадасында ел намысын кімдер қорғайды

Опубликовано:

Жарыс
Фото: KAZ.NUR.KZ

Бейжің олимпиадасының ресми ашылуы ертең. Алайда қысқы ойындардың іріктеу кезеңдері екінші ақпанда басталып кетті. Жарыстың алғашқы күнінде керлингшілер бағын сынады. Ал бүгін қазақстандық спортшылар жарыс жолына шығады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейжіңнен екі жүз шақырымдай жерде орналасқан Чжанцзякоуда бүгін фристайл могулшылар жарыс жолына шығады. Zhangjiakou National Ski Jumping аренасында бірінші іріктеу кезеңі өтпек.

Спорттың бұл түрінен ел намысын Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Анастасия Городко, Олеся Граур, Павел Колмаков және Дмитрий Рейхерд қорғайды.

Қыздар арасындағы сайыс 16:00-де басталса, ерлердікі 17:45-ке жоспарланған.

Бірінші іріктеу кезеңінде үздік ондыққа кірген спортшылар тікелей финалдық кезеңге жолдама алады. Ал қалғандары 6 ақпанда екінші іріктеуде бақтарын сынайды. Ол кезеңнен тағы он спортшы жолдама ұтып, жүлде үшін таласпақ.

Жарыс кестесі Нұр-Сұлтан уақытымен көрсетілген.

Айта кетейік, Юлия Галышева 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен қысқы олимпиадада қола жүлдені ел қоржынына салған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954320-galyseva-bar-bugin-beizin-olimpiadasynda-el-namysyn-kimder-qorgaidy/

pixel