Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің-2022: Спортшылардан коронавирус анықталған жағдайда не болады

Опубликовано:

спортшы
Көрнекі фото: pixabay.com

Қытайда санитарлық талаптар өте қатал. Спортшылар мен БАҚ өкілдеріне күнде ПТР тест тапсыру керек. Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі коронавирус анықталған жағдайда қандай шаралар қабылданатынын анықтап көрді.

Олимпиада уақытында спортшыдан немесе БАҚ өкілінен Covid-19 вирусы табылған жағдайда ауруханада немесе изоляторда оқшауланады.

Ол жерден шығу үшін 24 сағат ішінде коронавирусқа тапсырылған екі тест теріс нәтиже көрсету қажет.

Сонымен қатар, дене температуасының қалыпты жағдайда болып, инфекция белгілерінің байқалмағаны маңызды. 

Ал коронавирус анықталған спортшының командаластары КВИ хаттамаларын сақтау арқылы жарысты жалғастыра береді.

Науқаспен жақын байланыста болғандар коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесі теріс шыққан жағдайда карантин шараларын сақтап, өзгелерден қашықтық сақтап жүреді және жарыс басталуына 12 және 6 сағат қалғанда ПТР тест тапсырады. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954357-beizin-2022-sportsylardan-koronavirus-anyqtalgan-zagdaida-ne-bolady/

pixel