Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің-2022: Фристайл-могулдан бірінші іріктеу сынында қазақстандықтар финалға өткен жоқ

Опубликовано:

Фристайл-могул
фото: olympic.kz, Тұрар Қазанғапов

Бейжің Олимпиадасында алғашқы жарыс күні басталды. Қазақстандық спортшылар фристайл-могулдан іріктеу кезеңінде сынға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өкінішке қарай, алғашқы іріктеу кезеңінде ешбір спортшымыз финалға өте алған жоқ.

Әйелдер арасындағы іріктеу сынында қазақстандықтар сапынан ең жоғары нәтижені Аяулым Әміренова тіркеді. Ол 66.82 ұпаймен 16-орында.

Олеся Граур 57.18 ұпаймен 23-ші орынға тұрақтады. Ал әлем чемпионатының қола жүлдегері Анастасия Городко жарыс жолынан шығып кетіп, турнирді аяқтай алған жоқ.

Олеся Граур
Фото: NUR.KZ / Самат Төреқұл

Ереже бойынша, іріктеу кезеңінен кейін алғашқы ондыққа енген спортшылар тікелей финалға жолдама алады.

Ал бүгін сәтсіздікке ұшыраған атлеттер 6 ақпанға жоспарланған екінші іріктеу турында бақ сынайды.

"Бірінші секіргеннен кейін қате жібердім. Бірақ бәрі біз ойлағандай жаман емес. Олимпиаданың рухы, атмосферасы ерекше сезіліп тұр", - деді жарыс соңында сұхбат берген Олеся Граур.

Бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 17:40-та могулдан ерлер арасындағы іріктеу сыны басталады. Бұл бәсекеде Дмитрий Рейхерд пен Павел Колмаков өнер көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954479-beizin-2022-fristail-moguldan-birinsi-irikteu-synynda-qazaqstandyqtar-finalga-otken-zoq/

pixel