Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан Қазақстан құрамасының жаңа капитаны белгілі болды

Опубликовано:

Қолғап
Көрнекі фото: piqsels.com

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны болған Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысты. Осыған байланысты бас бапкер Қайрат Сәтжанов кімнің құрама капитаны болғанын хабарлады, деп жазады Sports.kz.

"Жиналыс болды. Боксшылар мен ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы Асланбек Шымбергеновті капитан ретінде таңдады", - дейді бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін бокстан әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов мансабын кәсіпқой бокста жалғастыратынын жазған едік.

24 жастағы қазақстандық спортшы Suleimen Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған.

Кейінірек, боксшы мұндай шешімді әлем чемпионатынан кейін қабылдағанын мәлімдеді.

"Әуесқой бокстан түбегейлі кеттім демеймін. Бас бапкерге хабарласып, рұқсатын алдым. Алдағы уақытта ірі жарыстар қарсаңында ұлттық құрамамен жаттығатын жоспарым бар", - дейді былғары қолғап шебері. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1954525-bokstan-qazaqstan-quramasynyn-zana-kapitany-belgili-boldy/

pixel