Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шаңғымен тұғырдан секіруден бақ сынайтын екі спортшымыз дайындықты бастады

Опубликовано:

Тұғырдан секіру
Фото: Olympic.kz

Бейжіңдегі Олимпиадада шаңғымен тұғырдан секіруден ел намысын қорғайтын спортшыларымыз бірінші ресми жаттығуын өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл спорт түрінен Қазақстан атынан Сергей Ткаченко мен Данил Васильев сынға түспек.

Жарыс Қытай астанасынан екі жүз шақырымдай жерде орналасқан Чжанцзякоуда өтеді.

Ұлттық тұғырдан секіру орталығында жалпы 105 спортшы бақ сынайды деп күтілуде. Оның 65-i ерлер, 40-ы қыздар.

"Қанатты шаңғышылар" бәсекесі 5 ақпанда басталады. Ал ерлер арасындағы финалдық кезең 14 ақпанға жоспарланған.

Айта кетейік, осыған дейін Бейжіңде ел намысын қорғайтын спортшылардың жарыс кестесі жарияланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954592-sangymen-tugyrdan-sekiruden-baq-synaityn-eki-sportsymyz-daiyndyqty-bastady/

pixel