Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейжің-2022: Қысқы Олимпиаданың ашылу салтанатын қайдан көруге болады

Опубликовано:

Бейжің олимпиадасы
Көрнекі фото: olympic.kz

Бірер сағаттан соң әлем жұртшылығы тағатсыздана күтіп отырған Бейжің Олимпиадасының алауы тұтанбақ. Байрақты бәсекенің ашылу салтанатын отандық телеарналар тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Бейжіңдегі "Құс ұясы" ұлттық стадионында өтеді. Айта кетейік, аталған аренада 2008 жылғы жазғы ойындардың да маңызды шарасы болған еді.

Қазақстандықтар байрақты бәсекенің ашылуын Хабар, Qazaqstan, Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады.

Ресми ашылуға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындары туралы қызықты деректер ұсынған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1954658-beizin-2022-qysqy-olimpiadanyn-asylu-saltanatyn-qaidan-korse-bolady/

pixel